Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде егде жастағы және мүгедектігі бар адамдарды алаяқтықтан қорғау құралы әзірленді

Зейнеткерлер алаяқтықтан қорғалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 11:02 Сурет: Zakon.kz
Елімізде егде жастағы және мүгедектігі бар адамдарды алаяқтықтан қорғау құралы әзірленді. Нақтырақ айтсақ, осы санаттағы азаматтар қаржылық операция жүргізгенде өзіне сенімді тұлғаның жәрдеміне жүгіне алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. 

Вера Канарова алаяқтардың арбауына қалай түскенін өзі де білмей қалған. Банк өкілімін деп хабарласқан әлдебіреу: сіздің шотыңызға шабуыл жасалып жатыр, жылдам ақшаны шешу керек деп асықтырады. Іле-шала полиция өкілімін деп екіншісі, ұлттық банктенмін деп үшіншісі қоңырау шалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Осылайша 8 күн алаяқтардың айтқанын бұлжытпай орындаған зейнеткер 23 млн теңгесінен айырылып қалған. Қазір 32 жыл тұрған пәтерін босатып, қала сыртында саяжайды жалдап тұрып жатыр.

Алаяқтар шотымда қанша ақша жатқанын айтты. Олар соны білді. Базадан көріп отыр деп ойлап, банк қызметкері екеніне сендім. Ал қазір сол қателігім үшін опық жеп отырмын. Ай сайын 90 мың теңгеден несие төлеп келемін. 6 айдан бері іс қаралып жатыр. Әлі сот та болмады. Вера Канарова, зейнеткер

Енді егде жастағы және мүгедектігі бар азаматтарды алаяқтықтан қорғау үшін несие беруші ұйымдарда «көмекші қол» қызметі енгізілмек. Яғни, банк пен тұтынушы арасындағы кез-келген қаржылық операциялар үшінші тұлғаның бақылауында болады. Мұндай азаматтарды әркім өзі таңдайды.

Көмекші өз кезегінде, жоспарланып отырған онлайн-операциялар туралы хабарлама алуға және оларды растауға немесе қабылдамауға мүмкіндік алады. Сервисті қосуға тұтынушының өзі ғана бастамашы болады. Аталмыш қызмет келер жылдан бастап жүзеге асырылады. Дмитрий Акмаев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің өкілі

Әйтпесе, интернет технологиялар дамыған сайын қашықтан отырып ақша ұрлау тәсілдері күрделеніп, көбейіп барады. Жыл басынан бері ішкі істер органдарында тіркелген мұндай деректердің саны былтырғымен салыстырғанда 2 есе өскен. Биыл интернет алаяқтыққа қатысты он мыңдай қылмыс тіркелген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: