Жаңа жыл қарсаңындағы жұмада Қазақстанда ауа райы қандай болады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, қар, жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ, жел болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклондық желдің және атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты қар жауады, оңтүстікте, батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.
"Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында баяу бұрқасын болады. Батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үш күнге – 2022 жылдың 30 желтоқсанынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ауа райы болжамын жариялаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript