Тұман мен қалың қар жауады: 1-3 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Болжам бойынша республиканың орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, негізінен қар түрінде болады:
1 желтоқсан – оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында;
2 желтоқсан – Шығыста қалың қар жауады.
«Республикада жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ, шығыста және орталықта – бұрқасын болады. «Қазгидромет» РМК
Синоптиктер еліміздің қай өңірінде ауа температурасының төмендеуі күтілетінін де айтты:
түнде республиканың батысында - 2-16-дан 5-18 аязға дейін;
солтүстік-батыста – 7-27-ден 14-30 аязға дейін;
солтүстік облыстарда – 15-28-ден 22-32 аязға дейін;
республиканың орталығында – 5-20 аяздан 13-30 аязға дейін;
республиканың шығысында – 15-35-тен 22-37 аязға дейін;
оңтүстікте - 3-12-ден 8-17 аязға дейін;
оңтүстік-шығыста – 1-22-ден 8-28 аязға дейін.