Шығыс Қазақстан облысында жол бөлігі жабылды
Сурет: Zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Мақаншы-Жалаңашкөл жолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа-райының жақсаруына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Герасимовка ауылы – Семей қаласынан 10-198 шақырымдық учаскеде Өскемен – Семей тас жолы көліктің барлық түрі үшін ашылды.
Бұл ретте Мақаншы–Жалаңашкөл тас жолының (0–133 км) бөлігі жабылды.
3 қаңтар күні Өскемен-Семей және Өскемен-Алматы жолдарының учаскелері көліктің барлық түрі үшін жабылғаны хабарланған еді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жолдарда көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты алыс қашыққа, әсіресе түнгі уақытта жүруді және жаяу жүргіншілер өткелдерін шектеу керек екенін ескертті.
Жолға шықпас бұрын көліктің техникалық жарамдылығын тексеру, ауа райы болжамы мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript