Демалыс күндері еліміздің басты үш қаласында ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты 7-9 қаңтар бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Астана
7 қаңтар - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз ол 15-20 м/с жетеді. Елордадағы ауа температурасы: күндіз - 3...-5°C, түнде -5...-7°C.
8 қаңтар - күн бұлтты, жауын-шашын болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз ол 15-20 м/с жетеді. Елордадағы ауа температурасы: күндіз - 0...+ 2°C, түнде -3...-5°C.
9 қаңтар - аспан бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз ол 15-20 м/с құрайды. Сынап бағаны -21...-23°C дейін күрт төмендейді деп күтіледі.
Алматы
7 қаңтар - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні — 0-5 м/с. Ауа температурасы күндіз +4...+ 6°C, түнде 0...-2°C.
8 қаңтар - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні — 0-5 м/с. Сынап бағаны күндіз +5...+ 7°C, түнде 0...-2°C көрсетеді.
9 қаңтар - күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. АСынап бағаны 0...+2°C көрсетеді.
Шымкент
7 қаңтар - күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндіз ол 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз: +11...+ 13°C, түнде: +3...+5°C.
8 қаңтар - күн бұлтты, жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, ол кей тұста 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз: +9...+ 11°C, түнде: +6...+8°C.
9 қаңтар - күн бұлтты, қар жауады деп күтіледі. Соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды. Сынап бағаны -2...-4°C көрсетеді.