Қазақстанда тағы 202 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Эпидемиологиялық ахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2023 10:06 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бір тәулік ішінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір күн бұрынғы деректермен салыстырғанда КВИ-ға шалдығушылар саны шамалы төмендеген. Алдыңғы күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 211 жағдайы тіркелген болатын.

7 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 2 437 адам коронавирус инфекциясынан (–2 295+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 272-сі стационарда, 2 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 15 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: