Ресейде ковид күш ала бастады. Кеше Михалков, бүгін Костомаров жансақтау бөліміне түсті

COVID-2019, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 18:22 Сурет: Instagram/romankostomarovkrs
Ресейлік мәнерлер сырғанаушы, олимпиада чемпионы Роман Костомаров жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер өкпесі желдеткіш аппаратына қосылған спортшының жағдайы аса ауыр екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mash telegram арнасы  ел астанасындағы ауруханалардың біріне түскеннен кейін спортшының жағдайы нашарлай түскенін хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалайды.

"Оны Коммунаркаға (ковид науқастарға арналған аурухана) ауыстырғалы жатыр. Ковид болуы мүмкін. Дәрігерлер ештеңе айтпайды. Кіші ұлым маған телефон соғып, оның аппаратқа қосылғаны туралы жаңалықтардан оқығанын айтты. Масқара ғой. Қай жерден жұқтырды екен (ауырып қалуы мүмкін)?"- деп Sport.ru спортшының ағасының сөзін келтіреді.

2006 жылы Костомаров Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ  ол екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және үш дүркін Ресей чемпионы болып табылады.

5 қаңтарда ресейлік режиссер Никита Михалков ауыр жағдайда реанимацияға ауыстырылды. Режиссерге коронавирустан туындаған пневмония диагнозы қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: