Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Алматы, Астана, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш және Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қазақстанның басқа қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аздаған жел, тұман, инверсия) жиынтығы. НМУ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа райы жағдайында азаматтарға:
- көшеде, әсіресе автожолдарға жақын немесе басқа ластау көздерінің жанында өткізілетін уақытты азайтыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада болған кезде олармен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүру керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін Қазақстанның алты облысында қатты аяз, тұман, бұрқасын болатыны хабарланған.