Жаңалықтар тізбегі
0

Емізулі баласымен таксилетіп жүрген тағы бір келіншек елді тәнті етті

Алматы, такси, бала, келіншек, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 13:07 Сурет: pexels
Таксилетіп жүрген алматылық келіншектің видеосы Instagram парақшаларының бірінде қызу талқыланып жатыр. Көлікте анасымен бірге жүрген емізулі бала ел назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қағаз бетіндегі реформалар мен сыбайлас жемқорлық – бәрі әйелдер омыраудағы баласымен таксилетіп жүру үшін", – деп жазылған видеоның астында.


Бұл видео желі қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр:

  • Ақшаны қалай тапқысы келсе де, өз еркі! Ең бастысы, ұрлық жасап, ешкімнен ештеңе сұрап жүрген жоқ. Өзі біледі! Жарайсың!
  • Мен де таксилетем. Бәрі керек, бірақ жұмыс жоқ. Сондықтан осылай нәпақа табуға тура келеді;
  • Мұғайтады, әрине. Бірақ ақылды екен. Осындай қиын жағдайда да ол жұмыс істеп, кейбіреулер сияқты мемлекетке қол жайып, қарап отырған жоқ.
  • Көптеген әйел такси жүргізеді. Алматыда такси бағасына байланысты ол күніне бір-екі сағат таксилетіп, үйіне қайтса болады.
  • Жұмыс істеуден қорықпайтын әйелдерді құрметтеймін. Оған зор денсаулық тілеймін.
  • Әртүрлі жағдай болады, адамдардың осылай өмір сүруіне әрдайым мемлекет кінәлі бола бермейді, көп нәрсе адамның өзіне байланысты.

Келіншектің бұл ісін сынағандар да табылады:

  • Пәтер алғысы келеді.
  • Басқа жұмыс таба алмағандай, балаға қауіп төндірудің не қажеті бар?
  • Бүгін баламен таксилетіге шығам. Бұл үшін пәтер беріледі.
  • Енді балалы аналардың бәрі таксиші болып кетеді.

Желі қолданушылары 2022 жылғы қарашада болған оқиғаны еске түсірді. Ол кезде Астанада емізулі баласымен таксилетіп жүрген келіншек елдің назарын аударған еді. Полицейлер онымеы профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал меценаттар әйелдің несиесін жауып, пәтер сыйлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: