Ескертуге құлақ аспаған көлік жүргізушісіне 103 мың теңге айыппұл салынады

"Қазавтожол", айыппұл, көлік жүргізушісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 12:53 Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілгенін, ескертуді елемеген жүргізушілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы бар екенін еске саламыз"."ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақмола және Павлодар облыстарында ауа-райы күрт нашарлап, боран мен көрінудің шектелуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс мына тасжолдарда шектелді:

  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы; 
  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы.

Сондай-ақ ведомство өкілдері республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа райы болжамын және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: