Доллар түскі саудада қымбаттауын жалғастырды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 15:52 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,24 теңгеге қымбаттап, 464,34 теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,50 теңгені (-0,01) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубль бойынша сауда-саттық аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 502,01 теңге, рубльді 6,77 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463-467 теңге, еуро 501-506 теңге, ресей рублі 6,4-6,65 теңге аралығында сатылуда.

Ал 19 қаңтардағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,61%-ға өсіп, барреліне 86,44 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері барреліне 0,85%-ға өсіп, 81,13 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: