Жаңалықтар тізбегі
0

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы қалай өседі

ҚР ұкіметінің қаулысы, жалақы, бюджеттік сала қызметкерлері, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 12:49 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Нәтижесінде осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы өсті.

Жалақыны есептеу үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) қолданылады. Ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді БЛА (базалық тарифтік мөлшерлемелері) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу
орындары мамандарының және қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын
қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік
ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналықәлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;
Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының
негізгі персоналы):
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Қаулы 2023 жылғы 18 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: