Жаңалықтар тізбегі
0

1 қаңтардан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

Бюджет қызметкерлері, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 14:15 Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің еңбекақы тарифіндегі мөлшерлемелер былай өзгереді:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша ұйымдардың, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.

4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: