Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер Қазақстан қалаларында ауа райының қолайсыз болатынын ескертті

Біраз өңірде ауа райы қолайсыз болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 09:27 Сурет: unsplash
20 қаңтарда Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанды.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райы жағдайында азаматтарға:

  • көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көзінің жанында уақыт өткізуді азайтыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде болған кезде өздерімен дәрі-дәрмекті алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

Бұған дейін Қызылорда және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланған еді. Ал Алматы облысында қатты аяз болжанды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: