Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бұрынғы McDonald's мейрамханалары атаусыз қайта ашылды

Мейрамхана, Алматы, «Food Solutions KZ» ЖШС, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 10:59 Сурет: pixabay
Алматыда 23 қаңтарда бұрынғы McDonald's мейрамханалары атаусыз ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтардың 23-і күні бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС-не тиесілі бірқатар мейрамхана қайта жұмыс істей бастады.

"Food Solutions KZ" ЖШС бас директоры Әсет Машановтың айтуынша, әзірге мейрамхана маңдайшасына атау ілінбейді, бірақ жақын арада жаңаша аталады.

Компания өкілі фаст-фуд мейрамханаларын ашу кезең-кезеңімен іске асырылатынын, бастапқы кезеңде Алматыда 5 мейрамхана ашылатынын айтты.


Алматы, фаст-фут, McDonald’s , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 10:59

Сурет: Zakon.kz

"Жабылған кезде жұмыс істеп жүрген мейрамхананың барлық қызметкері жұмысын, жалақысын және басқа да еңбек жағдайларын толығымен сақтап қалды". "Food Solutions KZ" ЖШС баспасөз қызметі

2023 жылғы 5 қаңтарда McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты. Екі апта өтпей жатып "Вкусно-и Точка" азық-түлік желісі Қазақстанда тауар таңбасын тіркеуге өтініш бергені белгілі болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: