Өзбекстанда 17 мыңнан астам шенеунік жұмыстан босатылады
Сурет: president.uz
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 25 қаңтарда бюджетті үнемдеу үшін министрліктердің штат санын 24 пайызға қысқарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктер мен ведомстволардың басшы және өндірістік персоналы қысқартылады, деп хабарлайды Gazeta.uz. Барлығы – 17 447 адам. Бұл бюджетке 1,5 триллион сум (61 миллиард теңгеден астам) бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Автокөліктер мен оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған қаражатты қысқарту есебінен тағы 70 миллиардқа жуық сум (2,7 миллиард теңгеден астам) үнемделеді.
Желтоқсан айында Өзбекстан президенті әкімшілік реформалар енгізуді ұсынды. 16 қаңтарда Шавкат Мирзиеев Ташкент қаласының әкімін, энергетика министрінің орынбасарын және жылу желілерінің басшысын қызметінен босатқаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript