Алматы полициясы екі қалта ұрысын ұстады
Сурет: ҚР ІІМ
Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі айыпталушы да қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
1986 жылы туған М.есімді азамат Алматы қаласының Наурызбай ауданында кем дегенде екі ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта 1970 жылы туған К.есімді азамат қоғамдық көлікте орын алған бір ұрлыққа қатысы бар деп айыпталып жатыр. Екі күдіктінің де олжасы – жолаушылардың күртелері мен пальтоларының қалталарынан ұрлаған телефондар. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Аталған деректер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұрын Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Қазір Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушілері күдіктілердің жалпы қала аумағында бұрын жасалған ұрлық әрекеттеріне қатыстылығын анықтап жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript