Астана мен Бейжің арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданады
![Қазақстан, Қытай, Алматы-Бейжің әуе рейсі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 11:27](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-70c06eeb-c4fb-44c1-b357-e403e64d056f/800x450.webp)
Министрлік осы жылдың 25 наурызынан бастап Air Astana әуе компаниясы аптасына үш рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) Астана – Бейжің бағыты бойынша рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ұшулар А-321 LR ұшақтарында орындалады.
Сондай-ақ осы жылдың 13 ақпанынан бастап Air Astana Алматы мен Бейжің арасындағы рейстерді бір рейстен (дүйсенбі) аптасына бес рейске (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп арттыруды жоспарлап отыр. Ал көктемгі-жазғы навигация кезеңінде аптасына бес-жеті рейске дейін артады.
Ұшулар А-321 типті ұшақтарда орындалады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің артуы, әсіресе, ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толық пайдалануға ықпал етеді.