Жаңалықтар тізбегі
0

Өндірістік жарақат алған азамат нені білу керек

Өндірістегі жарақат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 09:27 Сурет: pixabay
Қазақстанда өндірістік жарақат алатындар саны азаймай тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарына сай, өткен жылы 1 мың 465 жұмыскер зардап шегіп, 203 адам көз жұмған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республиканың өндірістік аймағында Қарағанды облысы көш бастап тұр. Аталған өңірде 180 адам зардап шексе, Шығыс Қазақстанда 169, Қостанай облысында 142 адам жарақат алған, деп жазады  Almaty.tv.

Астаналық Медет Әлияқбаровтың өндірістік альпинизммен айналысып жүргеніне 8 жыл болды. Ол биік ғимараттардың терезесін жуады, қауіпсіздік торын орнатады. Үйдің қасбетін бояумен айналысады. Қызмет көрсету кезінде бірнеше арқан байлап, қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға тырысады. Асығыс шешім қабылдап, қателік жасасауға болмайтынын жақсы түсінеді. Сондықтан қауіп-қатерге толы кәсіппен айналысатын әрбір альпинист жұмысқа қабылданарда өмірін сақтандыру керек. Бұл – басты талап. Өйткені жазатайым жағдай болғанда жұмыс беруші шығынды өтеп беруі керек.

"Аяқ астынан жел көтерілген кезде, өзін қорғап қалуы керек. Кез келген жағдайға дайын болуы керек. Сондай-ақ әр адамның өмірі сақтандырылғаны жөн", – деді өндірістік альпинист Медет Әлияқбаров.

Еңбек министрлігінің мамандары «жұмыс орнындағы жазатайым оқиға қызметкердің абайсыздығынан орын алады» дейді. Сонымен қатар, жұмысты дұрыс ұйымдастырмау, жол ережесін бұзу мен қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан жұмысшылар зардап шегеді. Еңбекке жарамай қалған жағдайда жұмыс беруші айлықты өмір бойы төлеп отыруға міндетті. Бірақ оның да тәртібі бар.


"Медициналық әлеуметтік сараптама жасайтын комиссияның «еңбекке жарамсыз» деген қорытындысын алуы керек. Дәрежесіне байланысты қызметкерге жалақыны жұмыс беруші төлеп отырады", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің басқарма басшысы Сәрсен Дүйсенов.

Соңғы 5 жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қабылдаған кешенді шарасының нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5 пайыз түскен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: