Шымкентте пияз бағасы екі есе қымбаттады
Сурет: pixabay
Шымкент қаласында бас-аяғы оншақты күннің ішінде пияз екі есеге қымбаттап кетті. Оған көрші Ресей мен Өзбекстанда көкөністің тап осы түріне сұраныстың артуы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ Шымкентке пияз Жамбыл облысынан жеткізілетін болғандықтан оның бағасы тауар өндірушілерге тәуелді. Қазір көтерме саудадағы бағасы 300 теңгеге жетті.
Осыған байланысты мегаполисте бағаны тұрақтандыру шаралары қабылдануда. Деректерге сүйенсек, шаһар халқы айына 2 мың тонна пияз тұтынады, деп жазады qazaqstan.tv.
Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік қорын жасақтау үшін биыл ірі сауда орындарына қала бюджетінен 8,7 миллиард теңге бөлінген. Енді әлеуметтік дүкендерді көбейту тапсырылды.
"Мемлекеттік бақылау бар, құзырлы мекемелерден құрылған арнайы комиссия бар. Апта сайын сауда нысандары, базарларға мониторинг жүргізіліп, 15 пайыздық сауда үстемесін асырған жағдайда кәсіпкерге тиісті әкімшілік шаралар көріледі." Жандос Қаниев, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript