Орталық сайлау комиссиясына қандай партиялар құжат тапсырды

ҚР парламенті сайлауы, сайлау, партиялар, Орталық сайлау комиссиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 10:34 Сурет: Zakon.kz
ОСК ұсынған ақпарат бойынша, 2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша төрт саяси партия партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ:

  • "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
  • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі.

21 қаңтарда ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілгенін хабарлады:

  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Amanat" партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
  • "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Respublica" партиясы.

Мәжіліс сайлауы 2023 жылғы 16 наурыз күнге белгіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: