Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда арық желілерін жаппай тазарту басталды

Алматыда арықтар тазаланып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 17:04 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Күн жылына басталысымен еріген қар және нөсер сулардың еш кедергісіз ағып кетулері үшін аудан әкімдіктерінің мердігер кәсіпорындары арық желілерін жаппай тазарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 ақпандағы жағдай бойынша жоспарланған 1329 шақырымның 626 шақырымы қардан, мұздан, лай мен қоқыстан тазартылды. Күн сайын 82 бірлік техника және 299 жұмысшы жұмылдырылуда. Жұмыстар 25-28 ақпанда аяқталады. Еске салсақ, қала аумағында барлығы 1525 шақырым арық желілері бар.

Бұрыннан белгілі, Алматы қаласы бойынша су басудың негізгі факторы арық желісі жаңбыр мен еріген су ағынына қарсы тұра алмайды, ал коллекторлық-дренаж жүйесі мүлдем жоқ. Сондай-ақ нөсер желілері де жоқ, коллекторлар мен арықтар қоқыстармен бітеліп қалған, кәрізге қосылмаған.


"Су тасқынын жою мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша экология және қоршаған орта басқармасы Алматыда жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалатын учаскелерге талдау жүргізді. Нәтижесінде барлығы 102 аймақ анықталды, оның ішінде 56 учаскені су басып қалуы мүмкін. Сондықтан апатты қалпына келтіру жұмыстарын дереу жүргізу қажет." Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

56 учаскедегі су тасқынын жою мәселелерін шешу үшін 12 коллектор мен 4 арна (реконструкциялау және салу) қалпына келтірілуі тиіс. Қала бойынша 2022 жылы апатты қалпына келтіру жұмыстары аясында 72 учаскеде жұмыстар басталды. Оның ішінде бүгінде 63 учаскедегі жұмыстар аяқталды (89%). Осы жұмыстар аясында ұзындығы 18,7 км 12 су бұру коллекторы қалпына келтірілді, жалпы ұзындығы 11,2 км 8 канал салынды және 2 канал қалпына келтірілді, 7 км арық желілері қайта жаңартылды және салынды, 15 құбырлы өткел реконструкцияланды, 1,4 км өзен арналарының жағалауы күшнйтілді. Жалпы жұмыстардың 89%-ы орындалды.

Айта кетерлігі, 2022 жылдың күзгі кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша аталған учаскелерде су тасқыны тіркелмеген.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: