Боран, тұман, көктайғақ. Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде боран соғады деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Таңертең және түстен кейін өңірдің батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, тау асуларында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Шымкентте таңертең және түстен кейін оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде солтүстік шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Күндіз Алакөл ауданында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде қарлы боран соғып, өңірдің солтүстік-шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Алматыда да тұман болады. Қонаев қаласын да тұман орайды деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде де тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында, оңтүстігінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.