Алматы полицейлері пәтер ұрысын ұстады

Полицейлер пәтер ұрысын ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 17:11 Сурет: ҚР ІІМ
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, белгісіз біреу Көкқайнар шағын ауданындағы үйлердің біріне терезені бұзу арқылы кірген.

“Визитер” жәбірленушілердің жеке мүлкін ұрлап, оларға 5 миллион теңге материалдық шығын келтірген.

"Осы дерек бойынша ұрланған мүлікті сатып алушы да анықталды. Ол Алматы облысының тумасы, 24 жастағы К. есімді азамат. Басты орындаушы 28 жаста. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша 188-баптың 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның “қызметіне” қатысты қосымша эпизодтарды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр," – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: