Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда пәтерді жалға береміз деген желеумен тұрғындарды алдаған жігіттер ұсталды

Пәтерді жалға бермек болған алаяқтар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 14:46 Сурет: pexels
Алматыда пәтер алаяқтары қымбат емес жылжымайтын мүлікті жалға береміз деген желеумен азаматтарды алдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алданғандардың арасында қалада пәтер жалдап тұруды жоспарлаған 28 жастағы ару да бар. Ол хабарландырулар сайтынан қолайлы баспананы тапқан.

Ауызша келісімге сәйкес, әйел өзіне ұнаған пәтер үшін алдын ала төлем беруі керек еді. Ол жарнама авторының карточкалық шотына 100 мың теңге жіберген.

Алаяқтардың құрбаны болғанын білген бойда әйел адам Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне арызданған.


Алғашқы болып 24 жастағы Ж. есімді азамат ұсталды. Оның “міндетіне” хабарландырулар орналастыру және “әлеуетті клиенттермен” хат алмасу кірген. Қылмыстың тағы бір сыбайласы – қылмыстық идеяның авторы, 28 жастағы Ж. есімді азамат. Ол қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға жауапты болған. Бұл күдікті де ұсталды. Қазіргі уақытта банк шоттары бойынша жүргізілген транзакцияларға талдау жүргізіліп, күдіктілердің басқа да қылмыстық құқық бұзушылық эпизодтарына қатыстылығы анықталып жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Еске сала кетейік, осы күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Anti Fraud” республикалық іс-шарасы өтіп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: