Қостанай полицейлері ұрланған қой отарын иесіне қайтарды
Сурет: akorda.kz
4 ақпанға қараған түні Б.Майлин атындағы ауданға қарасты Орынбор ауылының тұрғындарының бірінің қорасынан 7 бас қой ұрланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Малдын жоқтығын анықтап, ол дереу полицияға жүгінген.
Полицейлер Әнуар Бобжиков пен Нұрболат Тілеубергенов жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ұрланған малды иесіне жарты сағаттың ішінде қайтарып берді.
Шақыруға келгеннен кейін полицейлер бірден көліктің жаңа іздерін көрген. Сол бойынша іздей бастадық. Іздер бізді үйлердің біріне апарып, қорадан ұрланған қойлар табылды.
Жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 180-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript