Ақтөбеде көлік көпірден ұшып кетті

Ақтөбе, көпір, көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 09:56 Сурет: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
18 қаңтарға қараған түні Ақтөбедегі Заречный ауылының көпірінде жол-көлік апаты болды. Көліктердің бірінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицейлердің мәліметінше, көпір бойымен келе жатқан Lexus жүргізушісі жылдамдықты арттырып, Subaru көлігіне соғылған. Қатты соққыдан Lexus көпірден ұшып кетті.

"Жол апаты салдарынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі


Сурет: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ полицейлер оқиға орнын тексеру барысында жол көктайғақ болмағанын анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: