Роман Костомаров дәрігерлерге саусақтарын кесуге рұқсат берді
Сурет: : Instagram/kostomarovroman_
Мәнерлеп сырғанаушы Роман Костомаровтың денсаулығы әлі де мәз емес. Дәрігерлердің жіті бақылауындағы спортшы саусақтарын кесуге келісті. Шамамен бір аптадан кейін екінші ота жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлер қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтірмесе және терінің некрозы жалғасып, Романның өміріне қауіп төндірсе, операция нақты болады, деп хабарлайды Telegram 112 арнасы.
Роман Костомаров бір ай бұрын ауыр пневмониямен жансақтау бөліміне түскен. Бірнеше күн бұрын спортшының денсаулығына байланысты екі аяғын кесіп тастаған. 8 ақпанда Олимпиада чемпионы 46 жасқа толды, оның екі баласы бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript