Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайған

Қазақстан, Ұлттық статистика бюросы, тұрғын үй нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 15:34 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, 2023 жылғы қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 294 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 879 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 18 415 мәміле жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдыңғы аймен (33 587) салыстырғанда, тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27,7%-ға азайды.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 599 – 23,0%) және Астана (4 040 – 16,6%) қалалары әлі де көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 285 (1,2%).

Статистердің мәлімдеуінше, 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2023 жылдың қаңтарында мәміле бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалды.

Бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-43,1%), Абай (-42,0%) және Ақмола (-41,5%) облыстарында болды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7 618-ге азайған, олар бойынша қаңтар айында барлығы 18 415 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,8%-ы.

Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Қаңтар айында олардың 7 586-ы ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (63,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 6 214 мәміле жасалды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 22,2%-ға (1 675 мәмілеге) азайып, 5 879-ды құраған. Сонымен қатар, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.

2023 жылдың қаңтарында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 27,2%-ға азайған, ол кезде 33 365 мәміле ресімделген болатын (2021 ж. қаңтар – 21 577).

Осылайша теріс көрсеткіш барлық дерлік аймақта тіркелді. Тұрғын үйді алып-сату бойынша айтарлықтай тұрақтылық Астана қаласында байқалды, мұнда төмендеу не бәрі – 0,8%. Ал оң динамика тек Алматыда тіркелді, өсім – 34,1%.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: