Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайды

Ұлттық статистика бюросы, тұрғын үй нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 15:28 Сурет: freepik
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, елімізде 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (24 294) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,7%-ға азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистер ұсынған мәліметкен сүйенсек, 2023 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 118 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 174 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 17 944 мәміле.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (4 231– 17,5%) және Астана (4 208– 17,4%) қалалары алғашқы орындарда. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 265 бірл. (1,1%).

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан (26,1%), Ақмола (15,5%) және Жамбыл облыстарында (15,4%) тіркелді.

"Мәмілелер саны бойынша көш басында тұрғанына қарамастан, бір айдағы ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-24,4%), сонымен қатар, Жетісу (-13,3%) және Ұлытау (-7%) облыстарында болды", –  делінген хабарламада.

2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,6%-ға (471 мәмілеге) азайған. Ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 17 944 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,4%-ы. Бөлмелер саны бойынша ақпанда 1 бөлмелі 6 935 пәтер ресімделді. Алып-сатудың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (55%) тиесілі.

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны, керісінше, 5%-ға (295 мәмілеге) өсіп, 6 174 болды. Сандық мәнде ең үлкен өсім Түркістан облысында (+88 мәміле), ең үлкен төмендеу Қарағанды облысында (-42 мәміле) байқалды.

2023 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда шамамен 2 есе (48,2%-ға) азайған, ол кезде 46 577 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-69,3%) байқалды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: