Жаңалықтар тізбегі
0

Шақпақ баба ауылында қолайсыз ауа райы салдарынан 200-ден астам көлік жиналып тұр

Шақпақ баба Cурет: видео скрині
Бүгін, 11 ақпанда Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылында қолайсыз ауа райының кесірінен 200-ден астам көлік пен 600 жолаушы өте алмай тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"11 ақпанда Түлкібас ауданының Шақпақ баба ауылы, А-2 "Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында (593-632 шақырым, Жамбыл облысы – Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылған. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

Жұмысқа төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Сонымен қатар "жедел желі " телефоны ашылды: 8(7253) 357881

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысындағы тас жолда да 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз