Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген оң рөлді автокөліктер заңдастырылатын болды

ҚР ІІМ, автокөлік, көлікті заңдастыру, оң рөлді көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 09:34 Сурет: pexels
Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасына қосалқы бөлшек деген желеумен әкелініп, кейіннен біздің азаматтарға сатылып кеткен рөлі оң жақтағы автокөліктерді бастапқы тіркеудің құқықтық тетігін әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір оларды заңды тіркеуге алу жұмыстары жүріп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, заңдастырудың 20 күнінде бастапқыда 27 мыңға жуық көлік тіркелген.

65 мыңнан астам көлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірленген бірліктерді салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.

Бұған қоса Ішкі істер министрлігі шешу шараларын әзірлеу мақсатында автокөліктерді заңдастыру барысында туындайтын түйткілді мәселелерді сараптауда.

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталғаны хабарланған еді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті 15 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдік автокөлікті заңдастыру алгоритмін түсіндірді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: