Қазақстанда таяуда қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөліктер заңдастырыла бастайды

ҚР ІІМ, қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөлікті тіркеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 09:45 Сурет: Zakon.kz
Мамыр айының ортасында Қазақстанда қосалқы бөлшек немесе автоконструктор ретінде әкелінген көліктерді заңдастыру басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтіліп отыр.

Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, сонан соң автоконструкторларды тіркеу басталады.

Бұған қоса Ішкі істер министрлігінің өкілі 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылғанын айтты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: