Жаңалықтар тізбегі
0

"Жүргізуші куәлігін жасап беремін": алаяқтар енді қызметін интернет арқылы ұсынып жүр

 "Жүргізуші куәлігін жасап беремін" деген алаяқтар енді қызметін интернет арқылы ұсынып жүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 11:07 Сурет: Zakon.kz
Көп арасында "Спеццон" аталып кеткен қызмет көрсету делдалдары енді жұмысын әлеуметтік желіде де жалғастырып жүр. "Жүргізуші куәлігін жаңадан алу немесе көлік жүргізу құқығынан айырылғандарға да құжат жасау" деген хабарландырулар толып тұр.

Оған өтініш білдірген азаматтар емтихан тапсырудан, кезекке тұрудан босатылатын көрінеді. Тіпті ресейліктер үшін де Қазақстан куәлігін жасап беретін сайт та бар. Қызмет ақысы  шамамен – 29 500 рубль, яғни 180 мың теңге көлемінде.

"Жалған құжат жасаған адамға 2 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылса, оны пайдаланған адам 40 тәулікке дейін қамауға алынады. Қазір әлеуметтік желіде тарап жатқан жарнаманың көбі - жалған ақпарат. Бұл - қазір тарап жатқан алаяқтықтың бір түрі", - дейді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Жеңіс Жақсылықов "Қазақстан" ұлттық арнасына берген жауабында.

Қазақстан Жүргізушілер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Амантай Досмұхамбетұлы елді жүргізуші куәлігін алу үшін сандалтып қойды дейді.

"Меркі, Шудан 400 км қалаға келіп тапсырады. Анау Балқаш бар, Жезқазған бар Қарағандыға барады, Ал Сексеуіл деген ауыл Қызылордаға. Шалқардан Ақтөбеге. Елді сандалтып қойды. Барған күннің өзінде әр автоцонда бір ғана көлік бар. 400 км жүрген адам не істейді? Басқа амал іздей ме әлде кері қайта ма?", - деді Қазақстан Жүргізушілер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Амантай Досмұхамбетұлы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кейінгі 3 жылда 60 мыңдай деректі анықтап, 18 қылмыстық іс қозғаған. Ішкі істер министрлігі құжатты заңсыз саудалағандар да, оны сатып алғандар да жауапқа тартылатынын ескертеді. Бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: