Алматыда алдағы үш күнде қар жауады деп болжанды
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Алматының 17-19 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 ақпанда күн көшпелі бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Шығыстан соғатын желді екпіні секундына 3-8 м. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 5-7 жылы.
18 ақпанда күн бұлтты болады, кейде жаңбыр жауады. Түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) болжанды. Оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 м болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 2-4 градус жылы.
19 ақпанда күн райы көшпелі бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) болады. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 м. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 0-2 жылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript