Жаңалықтар тізбегі
0

Facebook пен Instagram "көк белгісі" бар аккаунтқа ақылы жазылу енгізді

Facebook пен Instagram "көк белгіге" ақылы жазылу енгізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 14:09 Сурет: unsplash
Meta пайдаланушыларға жеке куәлік арқылы аккаунттарын тексеруге және "көк белгі" алуға мүмкіндік беретін Meta Verified деп аталатын ай сайынғы жазылымды сынақтан өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram мен Facebook-тегі жазылым пакеті жаған парақшалардан қосымша қорғанысты қамтиды және ол айына 11,99 немесе iOS және Android жүйесінде айына 14,99 доллар тұрады, деп жазды Reuters.

Meta Verified Австралия мен Жаңа Зеландияда іске қосылады. Содан кейін басқа елдерде біртіндеп пайда болады.

Meta жазылым нарығына Twitter-ден кейін кіріп жатыр. Ол өткен айда Twitter Blue бағасы айына $ 11 болатынын жариялады.

Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг бұған дейін "авторларға анағұрлым өнімді және креативті болуға мүмкіндік беретін" бірнеше жаңа өнімдерді шығаруды жоспарлап отырғанын айтқан. Бірақ үлкен пайдаланушы базасы үшін технологияны қолдауға байланысты шығын туралы ескерткен.

Snapchat және Telegram сияқты басқа әлеуметтік медиа қолданбалары 2022 жылы жаңа табыс көзі ретінде ақылы жазылу қызметтерін іске қосты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: