Илон Маск Twitter Blue-ге ақылы жазылу науқанын қайта жандандыруы мүмкін
Сурет: pixabay
Twitter келесі аптададан бастап Twitter Blue-ге ақылы жазылымды қайта бастайды, мұндайда аккаунттарға "көк құс" таңбасы беріледі. Бұл туралы әлеуметтік желі қожайыны Илон Маск айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания бұған дейін саясаткерлер мен атақты адамдардың фейк ресми парақшалары тарап кеткендіктен ақылы жазылым процесін тоқтатқан болатын.
Илон Маск желіде ресми тіркеудегі адам екенін растау үшін ай сайын 7,99 доллар көлемінде төлем төлеп тұру туралы ұсынысты алға тартқан.
Оның айтуынша, бұл шара боттардан құтылуға, платформадағы жарнамалардың санын екі есе азайтуға, нақты тіркеуде бар пайдаланушыларға ұзақ уақытты қамтитын видео мен аудио жазбаларды жариялауға мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript