Алматыда қолайсыз ауа райы болжанды

Алматыда қолайсыз ауа райы болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 09:26 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктердің болжамынша, 21 ақпанда Алматыда ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Алматыдағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Республиканың басқа қалаларында қолайлы ауа райы сақталады.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). Бұл болжамға сай, 21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар жауады.

Қолайсыз ауа-райы кезінде ұсынылатын әрекеттер:

  • көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көзінің жанында өткізетін уақытты азайтыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар сыртқа шыққанда бірге дәрі-дәрмегін алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және еліміздің бірқатар облыстарында дауылды ескерту жариялаған еді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: