Қостанай облысының өткізу бекетіндегі кептеліс 10 шақырымға созылды
Сурет: pixabay
Қостанай облысындағы "Қайрақ" шекара бекетіндегі 10 шақырымдық көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушілердің сөзінше, екі сағатта колонна бір шақырым ғана алға жылжыған.
"Хабар 24" арнасы жүк көліктерімен қатар автобустардың да кептелісте тұрғанын мәлімдеді.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі кептелістің себебі ретінде жүк тасымалының артуын атады. Мамандар соңғы үш күнде Ресей бағытында жүк тасымалының көлемі ұлғайғанын нақтылады.
"Хронометраж жүргіздік. 13 сағаттың ішінде Ресей Федерациясына қарай бейтарап жер жүк көліктеріне толды". Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дамир Насыров
15 ақпанда Қазақстанның Өзбекстан және Түркіменстанмен шекарасында электронды кезек пайда болатыны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript