Жаңалықтар тізбегі
0

25 ақпанда Алматы мен еліміздің 8 өңірінде тұман, көктайғақ, қатты жел болатыны болжанады

Қолайсыз ауа райы Сурет: pixabay
25 ақпанда Алматыда және еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаев қаласында күндіз тұман, көктайғақ болады. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, Оралда да оңтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында 25 м/с қарқынмен жел соғады. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады деп болжанады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің  екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. 

Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстік жартысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай  облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік батыстан 15-20 м/с, сондай-ақ күндіз Қостанай қаласында батыстан, оңтүстік батыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.


"2023 жылы 25-27 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жауын-шашын түсіп, қар еріп, қызыл су белең алады және мұз жұқарып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжанады, соған сәйкес су тасқыны қаупі де бар", делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз