Қыстың соңғы күнінде елімізде күн райы қалай құбылады

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 16:08 Сурет: pixabay
Синоптикер Қазақстан бойынша ақпанның 28-іне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, еліміздің басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болжанды.

"Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантикалық циклон ықпал етеді, осыған байланысты жауын – шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, солтүстігінде бұрқасын күтіледі"."Қазгдромет" РМК

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз 0,-2°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел, күші 0,-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -3-5°С, күндіз +8+10°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1°С, күндіз +12+14°С болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: