Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан шенген бойынша "қара тізімге" енгізілген жоқ – ЕО өкілдігі

Еуропалық одақ, шенген визасы, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық одақ өкілдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 09:58 Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі 2023 жылғы 1 наурыздан кейін Қазақстан азаматтарының шенген визасын алу тәртібі туралы жалпы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 наурыздан кейін Қазақстан азаматтарына Шенген визасын беру тәртібінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

"Еуропалық одақ Қазақстанды "қара тізімге" енгізген жоқ"  – делінген хабарламада.

Ереже бойынша, шенген визасын беру туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттің тиісті консулдығы 15 күн ішінде қабылдайды. Бұл ереже Қазақстанға да қатысты қолданылады.

"Ерекше, жеке жағдайларда, егер өтінішті егжей-тегжейлі тексеру және қосымша құжаттарды ұсыну қажет болса, бұл мерзім 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл тәжірибе тек ерекше жағдайларда ғана ұлтына қарамастан барлық өтініш берушілерге бұрынан бері қолданылып келеді".Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі 

Қазақстан үшін жақында енгізілген қосымша консультациялар өткізу рәсімі жеті күнге дейін созылуы мүмкін және бұл консультациялар стандартты 15 күндік рәсім аясында жүргізіледі. Сондықтан өтініш берушілердің виза алу уақыты айтарлықтай ұзармайды.

"Қосымша консультациялар – бірқатар елдерге қолданылатын және Виза кодексімен реттелетін стандартты рәсім. Шенген аймағына мүше мемлекеттер бір-бірімен кеңесу үшін жүйелі түрде пайдаланып отыратын Шенген ақпараттық жүйесінде (SIS) "қара тізімдер" жоқ".Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі 

Виза алу тәртібі бойынша жалпы ақпаратты Көші-қон және ішкі істер жөніндегі Бас директораттың веб-сайтынан табуға болады.

"Шенген ақпараттық жүйесі аясында Қазақстан үшін қосымша консультацияларды енгізу әртүрлі бағыттар мен өзара мүдделі салаларда қарқынды дамып келе жатқан ЕО мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарға ешқандай қатысы жоқ".Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: