Жаңалықтар тізбегі
0

TikTok балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалану уақытын шектейді

TikTok балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалану уақытын шектейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 14:46 Сурет: unsplash
TikTok балалар мен жасөспірімдерге арналған сервисті пайдалану уақытын шектеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа мүмкіндіктердің енгізілгені туралы видео хостингтің сайтында хабарланды.

"Алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыға тиесілі әрбір аккаунтта автоматты түрде күніне 60 минут шектеу орнатылады", - делінген хабарламада.

Бұл шектеуге жеткенде, жасөспірімдерге шолуды жалғастыру үшін рұқсат кодын енгізу сұралады. Стандартты 60 минутқа қанағаттанбайтын жасөспірімдер үшін әлеуметтік желі күнделікті экран уақытын күніне 100 минутқа дейін орнатуды ұсынады.

13 жасқа толмаған балалар ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана әлеуметтік желіні 60 минуттан астам қарай алады. Соңғысы 30 минут қосымша уақытқа рұқсат алуы үшін арнайы кодты орнатуы немесе енгізуі керек.

TikTok сарапшылармен кеңескеннен кейін шекті 60 минутқа орнатқанын айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желілердің, соның ішінде TikTok сервисінің жетекшілері АҚШ Конгресіне шақырылып, қызметкерлер жас қолданушыларға кері әсерін болдырмау үшін не істеп жатқаны туралы есеп беруді талап еткен.

Ақпан айының соңында Еуропалық комиссия өз қызметкерлеріне TikTok қолданбасын жеке смартфондардан алып тастауды бұйырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: