Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңбыр, қар, найзағай: 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

жаңбыр, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2023 17:46 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері жексенбі, 5 наурызда республиканың 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, 6 наурызда түнде нөсер жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығсытан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстын солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 екпіні 23 м/с. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: