Алдағы күндері Алматы маңында және тағы екі өңірде су тасқыны болуы мүмкін

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 00:54 Сурет: pixabay
2023 жылғы 10-12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы маңындағы аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" болжамына қарағанда, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы маңында жаңбыр түріндегі жауын-шашын түсіп, сонымен бірге температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар ериді.

"Қар еріп және беткейлік ағын қалыптасып, мұздық құбылыстардың әлсіреп, өзендерде су деңгейі көтеріліп бұл ретте су жайылып, тасқын болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 10 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: