Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе әкімі қаладағы су тасқынының себептерін атады

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 01:51 Сурет: gov.kz
Ақтөбелік шенеуніктер қыс бойы қаланың қардан дұрыс тазартылмағанын мойындады. Ал қала тұрғындарынан су сору бойынша 400-ге жуық өтініш түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қаламыздың тұрғындарынан су сору жұмысына байланысты 382 өтініш келіп түсті. Тиісті жұмыс атқарылды. Қар тез еріп, соған жаңағы көлік үлгермей қалып жатыр". Ақтөбе ТКШ сектор меңгерушісі Серік Дәулетов

Ал қала әкімі су тасқынының жүйелі себептерін атаған.

"Қар толық көлемде дұрыс шығарылмайды және оның салдарынан күн жылыған бойдан жаппай еріп, көшелерді су басып жатады. Бұл жерде тұрғын массивтерді қоса алғанда қала аумағын қардан тазалауға бөлінетін қаржы өлшемінің қаншалықты сәйкес екенін зерделеп қарау керек. Яғни, осыдан қар тазалау техникасы бізге жеткілікті ме және саны көп мердігерлердің жұмысын бақылауды қалай жақсартуға болады деген сұрақтар туындайды. Суағарлар, арналар, арықтар, яғни жол инфрақұрылымы. Біздің қаламызда ол дамымаған, ескірген және көп жерлерде суағарлар мүлдем жоқ. Не істеуіміз керек? Уақыт өткізбей жаңа суағарлар салуымыз және қолда барларын жөндеуіміз керек. Су тасқынына қарсы жұмыстарға арналған құрылғылар мен заманауи техниканың жоқтығы қолбайлау. Жаңа заманауи насостар, жабық суағарларда қатқан мұзды тазалайтын және ерітетін тағы басқа құралдарды сатып алуымыз қажет".Ақтөбе әкімі Мұрат Жүребеков

Ақтөбе облысы  Байғанин ауданындағы үш ауыл да неше күннен бері облыс орталығымен қатынаса алмай отыр. Ондағылар керек-жарағын Атыраудың Құлсары кентінен жеткізіп амалдап отыр.

"Байғанин ауданында Оймауыт, Қарауылкелді-Оймауыт бағытында жол бойында, Алтау батыр тұсында көпір, көпір емес су өткізу құбыры, соның Сағыз өзені деңгейі келгенде шыдамай, сол жерде шайып кетті. Енді арғы жағында үш елдімекен қалып тұр".Ақтөбе облысы ТЖД бөлім бастығы Құмар Тұрмағанбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: