Демалыс күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 13:19 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 11-13 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Қар мен жаңбыр, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын болады"."Қазгидромет" РМК
  • 11-12 наурызда еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады;
  • 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар);
  • 12-13 наурызда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
"Еліміз бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ болжанады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Ауа температурасы:

  • еліміздің батыс облыстарында түнде 0-10 жылыдан 2 аяз -8 жылы, күндіз 3-15-тен 7-18 жылыға дейін;
  • республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде 0-12 аяздан 3-15 аязға дейін, күндіз 3 аяз-10 жылыдан 5 аяз - 3 жылыға төмендейді;
  • оңтүстікте түнде 3 аяз -10 жылыға дейін төмендейді;
  • күндіз 10-20 жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, күндіз 2-18 жылыға дейін төмендейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: