Синоптиктер сенбі күні елімізде ауа райы құбылмалы болады деп болжады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 16:17 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің мәліметінше, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: