Шаңды дауыл, тұман, қарлы боран, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ҚР басым бөлігі бұрынғысынша антциклон жырасының ықпалында болады, соған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.
"Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланыстыжаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл болжанды"."Қазгидромет" РМК
Синоптиктердің болжамынша, Қостанай облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз +2+4°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +19+21°С болады.