Алматы мен еліміздің 10 өңірінде өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін - синоптиктер
Сурет: unsplash
12-14 наурыз аралығында Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашынның болу ықтималдылығына байланысты өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін екені ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ 12-14 наурызда қар аралас жаңбырдың жаууы және күн райының күрт жылынуына байланысты ШҚО, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар тез еріп, сай-салаға су толып, мұз беті жұқарып, өзен сулары деңгейінің көтерілуі болжанып отыр. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.
12-14 наурыз аралығында Абай (Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Ақсуат аудандарында), Ұлытау және Қарағанды облыстарында да су тасқыны болуы ықтималдылығы болжанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript